«Жүйе» ставкаларының комбинациясы
Әртүрлі дара ставкаларды топтастыруға болады, бұл табысты нәтиже жағдайында ұтыс коэффициенттерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ставкалар комбинацияларының екі түрі бар – экспресс және жүйе.
Жүйе – бұл, мәні бойынша, экспрестер комбинациясы. Жүйеге кіретін әр экспресс коэффициенттердің белгіоі санынан тұрады.
golpas.com сайтында жүйені комбинациялау қалай болады? Үш немесе одан көп нәтижеге (желіде 3 және одан көп, максимум – 16, коэффициенттерді таңдап) болжам жасау, содан кейін «Жүйе» қосымша бетті таңдау керек. Үштен көп коэффициентті таңдап, сіз сондай-ақ жүйенің түрін таңдай аласыз, мысалы, «4-тен 2» немесе «4-тен 3». Жүйелердің типтері ставканың сомасын енгізуге арналған өрістің астында автоматты түрде пайда болады.
Мысал ретінде «3-тен 2» қарапайым жүйені қарастырайық. Оған барлық мүмкін нұсқаларда екі-екіден өзара (біріншісі екіншісімен, біріншісі үшіншісімен және екіншісі үшіншісімен) комбинацияланатын үш оқиға кіреді. Осы комбинациялардың әрқайсына ставканың сомасы сіз енгізген ставка сомасынанан 1/3 бөлігіне тең. Жүйенің басқа типтерінде ставканың сомасы букмекерлік кеңсенің ережелерінде орналастырылған экспрестердің жүйелер түрлерінің кестесіне сәйкес комбинациялардың санына бөлінеді.
Егер жүйені формула түрінде көрсететін болса, онда жалпы түрде ол келесідей көрінетін болады:
К1, К2, К3 – оқиғалардың коэффициенттері
Кс – жүйенің коэффициенті
Максималды ұтыс (В) келесіні құрайды:
С – ставканың сомасы
Мысал:
Жүйені қалыптастыру үшін желіден бірнеше оқиғаларды таңдаймыз, мысалы, үш оқиғаны:
- «Волгарь-Луч-Энергия», ж1., коэффициенті – 1.92;
- «Черноморец-Металлург» Х, коэффициенті – 3.1;
- «Витязь-Алания», ж2, коэффициенті – 1.77.
Ары қарай «Жүйе» ставкасының типін таңдаймыз. Үш қосарланған экспресс қалыптасады:
- «Волгарьдың» жеңісі және «Аланияның» жеңісі, коэффициенті - 1.92×1.77;
- «Волгарьдың» жеңісі және «Черноморец-Металлург» тең ойыны, коэффициенті - 1.92×3.1;
- «Черноморец-Металлург» тең ойыны және «Аланияның» жеңісі, коэффициенті - 3.1×1.77.
Ставканың жалпы сомасы 600 теңге болғанда, егер барлық үш оқиға орындалса, ұтыс келесіні құрайды:
1.92×1.77×200 + 1.92×3.1×200 + 3.1×1.77×200 = 14.83×200 = 2967 теңге.
Егер бір оқиға ойнамаса (мысалға, Волгарь жеңбесе), онда ойнамаған коэффициент автоматты түрде нөлге тең болады, ал демек, есептеу келесідей түрде жасалатын болады:
0×1.77×200 + 0×3.1×200 + 3.1×1.77×200 = 0 + 0 + 5.5×200 = 1100 теңге.
Мұндай жүйеде ұту үшін үш болжамның екеуі (осыдан оның атауы - «3-тен 2») дұрыс болғаны жеткілікті. Бірақ бұл ретте жүйенің экспрестерінің әрқайсына жалпы соманың тек қана үштен бір бөлігі қойылатындықтан, осындай жүйе бойынша ұтыс мүмкін болатын жалпы ұтыстан аз болатынын ескеру қажет. Одан басқа, кейбір жағдайларда, барлық нәтижелер табылмаған кезде, ұтыс сомасы ставка сомасынан аз болып қалуы мүмкін. Бірақ «Экспресс» типті ставкаға қарағанда, соманың бір бөлігі табылған нәтижелердің есебінен орны толтырылады.
Сіздің назарыңызды ставканың сомасы жүйедегі оқиғалардың санына емес, «Жүйе» типті ставканы қалыптастыру кезінде түзілетін экспрестердің нұсқалар санына бөлінетініне аударамыз. Жүйедегі оқиғалардың санына байланысты экспрестердің нұсқаларын сіз «Ережелер», «Ставкалардың типтері және комбинациялары» тарауындағы «Экспрестер жүйелерінің түрлер кестесі» кестесінен қарап шыға аласыз. Сонымен қатар сіз Калькуляторды пайдалана аласыз.
«Көмек бөліміне қайта оралу.