«Гол+Пас» букмекерлік кеңсесінің ережелері
Жалпы ережелер
«Гол+Пас» букмекерлік кеңсесінің www.golpas.com сайтында спорттың барлық түрлері бойынша, барлық базистер бойынша ставкалар ТЕК ҚАНА НЕГІЗГІ УАҚЫТҚА қабылданады.
Егер сізде ставкалар бойынша сұрақтар туындаса, «Көмек» бөліміне жүгініңіз
Қазақ тіліндегі кеңсе ережелерін «Жүктеу»
Терминдер және анықтамалар
Ставка – бұл букмекерлік кеңсенің оның клиенттері арасында ақшалай бәсті жасасу.
Коэффициент – оқиғаға букмекерлік кеңсемен ұсынылған баға белгіленімдері.
Түбіртек – бұл әр ставканың сомасы, әр ставканың және тұтас алғанда барлық ставкалардың коэффициенттері, оқиғаның уақыты көрсетілетін жеке электронды немесе қағаз құжат.
Оқиға – бұл ставка жасалынатын процесс, оның берілген уақыт шектері, жорамалданатын және нақты қорытынды нұсқалары бар.
ГОЛПАС БК бағдарламалық өнім процесі - бұл серверде болатын нақты оқиға.
Қорытынды – ұтыстың сәйкес коэффициентін есепке алумен оқиғаның нәтижесі
Гол+Пас БК бағдарламалық өнімі - компьютерлік бағдарламалардың, процедуралардың және, мүмкін, олармен байланысты құжаттар мен деректердің жинағы; Бағдарламалық өнім (БӨ) – жаппай сатып алушының нарығында тауар ретінде шығарылған және нөлдік емес тұтыну құнына ие болатын, адам әрекетінің нәтижесі ретіндегі бағдарламалық жасақтама (БЖ) Сертификаттар
Гол+Пас БК Сервері - Сервер деп адамның тікелей қатысуысыз қандай болса да сервистік тапсырманы орындау үшін дербес компьютерлердің (немесе жұмыстық станциялардың) тобынан бөлінген компьютер аталады.
Ставкалар бойынша әртүрлі терминдер туралы толығырақ ақпаратты сіз «Терминдер және анықтамалар» тарауынан таба аласыз.
Жалпы ережелер
1.1.1. Осы ережелер «Гол+Пас» Букмекерлік кеңсесенің (бұдан әрі – Кеңсе) және спорттық пен өзге оқиғаларға ставкалар жасайтын тұлғалар (бұдан әрі – Клиенттер) арасындағы өзара қатынастарды белгілейді.
1.1.2. Ставкалар 18 жастан асқан тұлғалардан (Қазақстанның аумағында 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап – тек қана 21 жастан асқан тұлғалардан) қабылданады. Осы тармақты бұзғаны үшін жауапкершілікті Клиент көтереді. Клиенттің тарапынан өзінің төлқұжат деректерін көрсетуден бас тартқан жағдайда Кеңсенің қызметкерлері ставкаларды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
1.1.3. Ставкалар тек қана Кеңсемен белгіленген ережелермен келіскен тұлғалардан қабылданады. Кез келген ставка Клиенттің осы ережелерді білетіне және олармен келісетініне растама болып табылады. Кеңсенің осы ережелерді бұзатын тұлғалардан ставкаларды қабылдамауға құқығы бар.
1.1.4. Букмекерлік кеңсе Қазақстанда, Ресейде және шекара сыртында өтіп жатқан оқиғаларға ставкалар қабылдайды. ГОЛ+ПАС БК спорттық, қоғамдық-саяси, мәдени-музыкалық өмірден, конкурстардан, интеллектуалды ойындардан және 2015 жылдың 24 сәуіріндегі «ҚР Ойын бизнесі туралы заңға» қарама-қайшы келмейтін, адам мен қоғамның тіршілік әрекетінің басқа салаларынан алынған нақты алдағы оқиғаларға, соның ішінде БК сервелерінде және ҚР алаңдарында орналастырылған бағдарламалық өнімдерде сертификатталған нақты уақытта өтіп жатқан оқиғаларға ставкаларды қабылдайды.
1.1.5. Клиентпен біруақытта жасалған барлық ставкалар түбіртекте ескеріледі. Ұтыс түбіртектері бойынша төлемдер түбіртектегі барлық оқиғалар аяқталған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннің ішінде жасалынады.
1.1.6. Барлық даулы мәселелер оқиға аяқталғаннан кейін 10 күннің ішінде қабылданады. Барлық даулы жағдайлар бойынша үзілді-кесілді шешімді букмекерлік кеңсенің әкімшілігі қабылдайды.
1.1.7. Ставкаларды қабылдаумен және қаржылық операциялармен байланысты алаяқтықты анықтау жағдайында төлемдер жасалмайды, кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
1.1.8. Сол не өзге ойынның келісімді, әділетсіз спортқа жат сипатының жанама және тікелей дәлелдемелері бар болуы кезде, сонымен қатар спортқа жат тартыстың айқын БЕЛГІЛЕРІНІҢ бар болуы кезде букмекерлік кеңсе ставкаларды жою және олардың жарамсыз деп жариялау, олар бойынша төлемдерді 1-ге тең коэффициентпен жасау құқығын өзінде сақтап қалады.
1.1.8/1 Спортқа жат тартыстың айқын белгілеріне оқиғаның немесе оның құрамдастырушысының бір қорытындысына біртекті ставкаларды жатқызады. Сонымен қатар ставкалардың біртектігі кезінде белгілі оқиғаларға арналған ставкаларға ойнау мақсатында тұлғалар тобынан немесе жаңадан тіркелгендерден алынған ставкалар.
1.1.9. Клиентке тек қана бір ойын есепшотын ашуға рұқсат беріледі. Бір тұлға «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесінің www.golpas.com сайтында біреуден көп ойын есепшотын ашқан жағдайда кеңсе барлық есепшоттарды бұғаттау және олар бойынша төлемдерді тоқтату құқығын өзінде сақтап қалады. Кеңсе дербес шарттарды және шектеулерді белгілеу құқығын өзінде сақтап қалады.
1.1.10. Тұлғалар тобынан (ойыншылар синдикатынан және т.б.) бірдей қорытындыға біруақытта ставкалар жасауға рұқсат етілмейді.
1.1.11. Қорғау мақсатында пайдаланушылардың жеке деректері үшінші тұлғаларға берілмейді және сатылмайды, бірақ букмекерлік кеңсе осы деректерді пайдаланушының өзімен беру жағдайларында ойын есепшотының, электронды поштасының және т.б. құпиясөздерінің сақталуына жауапкершілік тартпайды. Құпиясөздің сақталуы үшін клиенттерге әріптер мен цифрлардан тұратын, логинды қайталамайтын және нақты сөз болып табылмайтын күрделі құпиясөздерді енгізу, сондай-ақ бұл деректерді көпшілікке жарияламау, электронды пошта арқылы жібермеу және т.б. нұсқалады. Клиент есепшотының құпиясөзін және осы есепшот бойынша төлемдер жасауды жоғалтқан жағдайда наразылықтар қабылданбайды.
1.1.12. Букмекерлік кеңсе пайдаланушыларға тек қана ережелердің жалпы ережелері, ставкаларды қабылдау және есептеу ережелері өзгерген жағдайларда хабарлауға міндеттенеді. Ережелерде жаңа коэффициенттер және олардың түсіндірмелері, бонустарды есептеулерде, конкурстарда өзгерістер және т.б. пайда болған жағдайларда кеңсе ойыншыларды хабарландыруға міндетті емес.
1.1.13. Кеңсе пайдаланушының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін сұрату құқығын өзінде сақтап қалады. Оларды ұсынбаған жағдайда, пайдаланушының есептік жазбасы бұғатталатын болады.