2.9. Шарларға арналған ставкалар
2.9.1. Партиялардың жұп саны кезінде (Премьер–Лиганың матчтары) «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесінде ставкалар қатысушылардың біреуінің жеңісіне (Ж1, Ж2), тең ойынға (Х) және қос қорытындыларға (1Х, 12, 2Х) қабылданады.
2.9.2. Партиялардың тақ саны кезінде (Премьер-Лиганың жоғары сатылары және басқа чемпионаттар) букмекерлік кеңсе қатысушылардың таза жеңістеріне және форамен жеңістеріне арналған ставкаларды қабылдайды.
2.9.3.Егер матчта қатысушылардың біреуі кез келген себептен ойында жалғастыруға бас тартса немесе ол дисквалификацияланған болса, онда барлық аяқталмаған партияларда оған жеңіліс есепке алынады, және төлем алынған нәтиже бойынша жасалынады. Егер бас тарту (дисквалификация) матчтың басталуына дейін болса, ставкалар қайтарылуы тиіс.
2.9.4. Турнирдің жеңімпазына, келесі айналымға шығуға, турнирде немесе кезеңде «кім жоғарыға» арналған және ұқсас ставкалар тек қана жарыстың аяқталуына қарай ойналған болып саналады.
2.9.5. «Кім жоғары» ставкаларында қарастыруға турнирдегі жалпы орны қабылданады, содан кейін салыстыру команда немесе ойыншы жарыстағы өнер көрсетуін аяқтаған саты бойынша өткізіледі, турнирден бірдей кезеңде «шығып кету» осы ставка бойынша шығынды білдіреді.
2.9.6. Шарларға фора және тотал, егер желіде өзгесі көрсетілмесе, ұпайлармен көрсетіледі.