1.5.1. Желіде көрсетілетін оқиғаның басталу күні мен уақыты ақпараттық сипатқа ие. Қате көрсетілген күн, уақыт немесе қосымша ақпарат (турнирдің мәртебесі немесе сатысы, бірінші ойынның есебі және т.б.) ставканы жою үшін негіз болып табылмайды. Егер оқиға бастапқы жарияланған күннен ертерек немесе кешірек өткізілген жағдайда нәтиже күшінде болып саналады, ал ставкалар жарамды болып саналады, егер олар оқиғаның басталуына дейін жасалған болса. Оқиғаны 3 және одан көп тәулікке ауыстырған жағдайда ставкалар қайтарылады. Оқиғаны 3 тәуліктен кем уақытқа ауыстырған жағдайда ставкалар күшін сақтап қалады, бірақ букмекерлік кеңсе, оқиғаның аяқталуын күтпей, ставкалардың қайтару туралы шешімді қабылдауға құқылы. Ол туралы ойыншылар кеңсенің ресми нәтижелерінен ақпарат алады. Егер ҰБҚ, ҰХЛ, МЛБ немесе ҰФЛ матчы тағайындалған күні өткізілмесе немесе соңына дейін ойналмаса, онда ставкалардың қайтарылуы келесі күні бірден жасалынады, оқиғаның күні қате көрсетілген жағдайлардан басқа.

1.5.1.1. Нәтижелер туралы ресми ақпараттың 2 тәуліктен астам жоқ болған жағдайында букмекерлік кеңсе ставкаларды қайтару туралы шешімді қабылдауға құқылы, сондай-ақ олар пайда болғанда, қайта есептеу туралы шешімді қабылдауға құқылы.

1.5.2. Оқиғалар тізімінде бірінші орында қайсысының алаңында матч өткізілетін команда көрсетіледі. Матчты оқиғалардың тізімінде екінші орында көрсетілген команданың алаңында өткізілген жағдайда (бір қаладан шыққан командалардың матчтарынан басқа), осы матчқа арналған ставка қайтарылады, ал экспрестерден алып тасталады. Барлық жағдайларда ойындарды бейтарап алаңға ауыстыру ставкаларды жоюға негіз болып табылмайды.

1.5.2.1 Егер турнирлер бір қалада бірнеше командалардың немесе қатысушылардың қатысуымен өткізілсе, онда жұптарда командалар ерікті түрде көрсетіледі.

1.5.3. Үзілген оқиғалар:

1.5.3.1 Оқиға өткізілген болып саналады, егер ол үзілсе, 24 сағаттың ішінде ойнап аяқталмаса, және егер онда келесілерден кем емес ойналса: футбол – 65 мин.; баскетбол ҰБҚ – 35 мин.; еуробаскетбол – 35 мин.; хоккей ҰХЛ – 50 мин.; еурохоккей (соның ішінде ресейлік) – 50 мин.; допты хоккей – 60 мин.; америкалық футбол – 50 мин.; бейсбол – 5 иннинг. Ерекшелікті, регламентпен тең ойынға рұқсат етілмейтін (баскетбол, бейсбол, америкалық футбол, ҰХЛ-дың плей-офф сериялары және т.б.), ойын түрлерінде матчтарды тоқтату сәтіне қарай тең есеп болған жағдайлар құрайды. Бұл жағдайларда оқиға өткізілмеген деп саналады.

1.5.3.2 1.5.3.1-тармағында аталмаған жағдайларда, егер оқиға үзілген және 24 сағаттың ішінде ойнап аяқталмаса, онда ол өткізілмеген деп саналады.

1.5.3.3 Өткізілмеген деп танылған, үзілген оқиғалар үшін қайтарылуға, нәтижесі оқиғаны тоқтату сәтіне қарай бір мағыналы анықталған (мысалы, 1-ші голды кім соғады, с/қағазды алады, «көпке» тотал өтті ма және т.б.) спорттың ойын түрлеріне арналған ставкалардан басқа, барлық ставкалар жатады. Үзілген оқиғалар үшін таймдар мен кезеңдердің салыстырмалы нәтижелілігіне арналған ставкалардың шартсыз қайтарылуына «Салыстыру» ставкасы да жатады.

1.5.3.4 Өткізілген деп танылған, үзілген оқиғалар жалпы негіздерде есептеледі.

1.5.3.5 Спорттың жеке түрлері бойынша ставкаларды есептеудің қосымша ерекшеліктері мүмкін болады, егер олар ережелердің сәйкес тармақтарында көрсетілсе.

1.5.4. Егер аяқталған оқиғаның бастапқы нәтижесі кешірек қандай болса да себептерден жойылған болса, жойылу назарға алынбайды, және ставкалар бастапқы (нақты) нәтижеге сәйкес төлемге жатады. Оқиға аяқталғаннан кейінгі ресми хаттамалардың және ақпараттың басқа ресми дереккөздерінің негізінде жарияланған нәтиже нақты деп саналады. Ресми дереккөздерде нәтижелер жоқ болған жағдайда кеңсе ақпарат баламалы дереккөздерін пайдалануға құқылы. Ақпарат ресми дереккөздерінің тізімі.

1.5.5. Сайтта көрсетілетін барлық ағымдағы нәтижелер тек қана анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді. Кеңсе нәтижелердің ағымдағы есепті дұрыс көрсетуіне ұмтылады, бірақ осы ағымдағы нәтижелердің негізінде жасалған ставкалардың салдарына жауапкершілікті тартпайды. Мархабат, live-ставкаларда (мысалы, телетрансляцияда және т.б.) ойнау кезінде ақпарат баламалы дереккөздерін пайдаланыңыз. Үлгі боларлық жағдайға ие болмайтын, даулы жағдайларда үзілді-кесілді шешімді букмекерлік кеңсе қабылдайды.

1.5.6. Ставкаларды қабылдау кезінде қызметкерлер қателескен немесе бағдарламалық іркілулер (коэффициенттердегі айқын жаңылыстар, әртүрлі позицияларда коэффициенттердің сәйкессіздігі және т.б.) жағдайында және ставканың орынсыздығын растайтын басқа дәлелдер кезінде кеңсенің ставканы жарамсыз деп жариялауға құқығы бар.

1.5.7. Егер ставка жарамсыз деп танылған жағдайда, осы ставка қайтарылады, ал егер ол экспреске немесе жүйеге қосылса, онда есептеу мақсаты үшін ол 1 коэффициентімен ескеріледі.

1.5.8. Ставкаларды орналастыру кезінде шешімдерді автоматты қабылдау алгоритмдерін пайдаланатын техникалық пен бағдарлмалық құралдарды, сонымен қатар нысандардың автотолтыруын және, т.н. «боты» қосқанда, сұратулардың автоматты жөнелтуін орындайтын бағдарламаларды және скриптерді қолдануға тыйым салынады. Әкімшіліктің, иелері осы ережені бұзған, есепшотты бұғаттауға, осындай есепшоттардан жасалған ставкалардың күшін жоюға, сондай-ақ теңгерімде бар болатын қаражаттарды бұғаттауға немесе тәркілеуге құқығы бар.

1.5.9. Әкімшілік екі немесе бірнеше қатысушыларға келісімде (алаяқтықта) күдіктенуді болдырмау үшін бір ІР-мекенжайдан (бір компьютерден немесе бір жергілікті желіден) ставкаларды орналастырмауға кеңес береді. Мұндай жағдайларда, себептерін түсіндіру арқылы, Әкімшілікпен ойнау мүмкіндігін келісімдеу қажет. Әкімшілік осындай ойыншының есепшотын бұғаттауға және оны жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарын жіберуді сұрануға құқылы.