2.1.1. «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі футбол матчтарының негізгі уақытына (өтем уақытын қосқанда) арналған ставкаларды қабылдайды. 1-ші таймның өтем уақыты 45-ші минут, ал 2-ші таймның – 90-шы минут болып саналады.

Негізгі желіден футболға арналған ставкалар негізгі уақытқа қабылданады. Қосымша уақытты немесе пенальтиді есепке алумен матчтың қорытындысына арналған ставкалар жеке қабылданады және бұл әрқашан ескертілген.

2.1.2. Футбол матчтарында таймдардың нәтижелілігіне ставканы жасауға болады. Коэффициенттер желіде көрсетілген.

2.1.3. Матчтағы бірінші немесе екінші голдың уақытына, сонымен қатар қандай команда бірінші немесе соңғы голды соғуға арналған ставкалар қабылданады. Егер матч 0:0 есебімен аяқталатын жағдайда, ставкалар ұтылған деп саналады.

2.1.4. Қандай команда 1-ші ескертуді алуға немесе 1-ші ауыстыруды жасауға арналған ставкалар қабылданады. Егер матчтың хаттамасы бойынша көрсетілген оқиғалар қос командаларда бір минутта орын алған жағдайда, ставка қайтарылады.

2.1.5. Ойыншыларды ескертулердің санымен байланысты ставкаларды есептеу кезіндегі барлық жағдайларда алаңнан шығарулар саналмайды. Егер ойыншы екі сары қағаз үшін шығарылса, онда біреуі есептелінеді. Қосалқы ойыншыларға және жаттықтырушыларға көрсетілген қағаздар ескерілмейді. Сары және қызыл қағаздар ақтық ысқырықтан кейін ескерілмейді.

2.1.6. Ойыншылардың көрсеткіштеріне арналған ставкалар. Егер ойыншы ауыстыруға шықса, онда есептеудің келесі тәртібі қолданылады: «1-ші голды соғады» және «1-ші голды кім соғатынын және есеп қандай болатынын табу» ставкалары қайтарылуға тиіс, егер ойыншының алаңға шығу сәтіне қарай есеп ашылып қойса; «гол соғады: жоқ» ставкасы ойыншының ауыстыруға шығу сәтіне қарай есептен тәуелсіз қайтарылуға тиіс. Қалған ставкалар 1.3.9-тармақтың негізінде есептелінеді. Ауыстыруға шыққан ойыншылар үшін интервалдарға арналған ставкалар қайтарылуға тиіс.

МЫСАЛДАР:

N Күні Оқиға ж1 Х ж2 Х2 Фора1 КФ1 Фора2 КФ2 Тотал Көп Кем Өтеді1 Өтеді2
12 08/06 18:00 Дания-Бразилия 5.5 3.3 1.4 2.2 1.05 +1.5 1.8 -1.5 1.8 2.5 1.6 2.0 3.0 1.3

Матч 2:3 есебімен аяқталды (бірінші тайм 2:1)

N Күні Оқиға ж1 Х ж2 Х2 Фора1 КФ1 Фора2 КФ2 Тотал Көп Кем Өтеді1 Өтеді2
13 08/06 18:00 Германия-Мексика 1.6 3.3 4.5 1.1 2.0 -1 2.0 +0.5 2.0 2.5 1.9 1.7 1.4 2.5

Матч 1:0 есебімен аяқталды (бірінші тайм 0:0)

Ыңғайлық үшін 100 теңге шартты ставка қабылданады.

2.1.7. Есептеу мақсаты үшін орын алған деп келесі оқиғалар есептелінеді:

  • бұрыштама – бұрыштама белгіден нақты орындалған соққы жағдайында;
  • қақпадан соғу – қақпадан нақты орындалған соғу жағдайында;
  • аут – нақты орындалған ауттан лақтыру жағдайында;
  • офсайд – офсайдты белгілегеннен кейін нақты орындалған еркін соққыны жасау жағдайында;
  • фол – ережелерді бұзуды белгілегеннен кейін нақты орындалған айып немесе еркін соққыны жасау жағдайында.
  • бағана немесе маңдайша – егер доп бағанаға немесе маңдайшаға тигеннен кейін ойында қалса (ойыншыға, төрешіге, басқа бағанаға немесе маңдайшаға тиді)..

Бағана немесе маңдайша есептелмейді, егер:

  • доптың бағанаға немесе маңдайшаға тигеніне дейін ойын тоқтатылса;
  • бағанаға немесе маңдайшаға тигеніннен кейін доп алаңның сыртына шығып кетсе немесе қақпаға кіріп кетсе.

Бұрыштамалардың, бағанаға және маңдайшаға тиюлердің саны «НТВ-Плюс» телекомпаниясының бейне-трансляциясы бойынша анықталады. Егер трансляция көрсетілген телекомпанияның пакетіне кіретін телеарналармен жүргізілмесе, онда нәтиже ресми дереккөздерден алынады. Барлық қалған статистикалық көрсеткіштер (сары қағаздар, офсайдтар, фолдар, алмастырулар және т.б.) ақпараттың ресми дереккөздерінен алынады. Ресми дереккөзге сәйкес 46-шы минутта жасалған алмастыру есептеу мақсатты үшін үзілісте жасалған деп саналады. Қайта берілген бұрыштама есептеу мақсаты үшін біреуге саналады.

2.1.8. Футбол матчының қорытындысына ставкалардың келесідей түрлерін жасауға болады:

  • Матчта бірінші команданың жеңісі (желідегі «ж1» бағаны); Бірінші мысалда ставка ұтылған, ал екіншіде ұтқан. Екінші мысалда Германияның жеңісіне арналған ставка 100х1.6=160 теңге ұтысты алып келді;
  • Тең ойын (желідегі «Х» бағаны); Қос мысалда да ставкалар ұтылды. Тең ойын болған жағдайда ұтыс 100х3.3=330 теңгені құрайтын еді;
  • Матчта екінші команданың жеңісі (желідегі «ж2» бағаны); Екінші мысалда ставка ұтылған, ал біріншіде Бразилияның жеңісіне арналған ставка 100х1.4=140 теңге ұтысты алып келді;
  • Бірінші команда ұтылмайды (желідегі «1Х» бағаны); Бірінші мысалда ставка ұтылған, ал екіншіде ұтқан. Екінші мысалда Германияға арналған ставка 100х1.1=110 теңге ұтысты алып келді;
  • Екінші команда ұтылмайды (желідегі «Х2» бағаны); Екінші мысалда ставка ұтылған, ал біріншіде Бразилияға арналған ставка 100х1.05=105 теңге ұтысты алып келді;
  • Матчта бірінші команданың фораны есепке алумен жеңісі (Желінің «Фора1» бағанында фора, ал «КФ1» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген). Бірінші мысалда ставка ұтқан, өйткені матчтың нәтижесі фораны есепке алумен 3.5:3 және ұтыс 100х1.8=180 теңгені құрайды. Екінші мысалда ставка қайтарылады, өйткені матчтың нәтижесі фораны есепке алумен 0:0;
  • Матчта екінші команданың фораны есепке алумен жеңісі (Желінің «Фора2» бағанында фора, ал «КФ2» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген). Қос мысалда да ставка ұтылған, өйткені бірінші жағдайда матчтың нәтижесі фораны есепке алумен 2:1.5, ал екіншіде 1:0.5;
  • Матчтағы голдардың жалпы саны көрсетілген саннан көп (Желінің «Тотал» бағанында голдардың жалпы саны, ал «Б» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген). Бірінші мысалда ставка ұтқан, өйткені матчтағы голдардың жалпы саны 5(2+3) тотал 2.5-нан көп. Ұтыс 100х1.6=160 теңгені құрайды. Екінші мысалда ставка ұтылған;
  • Матчтағы голдардың жалпы саны көрсетілген саннан кем (Желінің «Тотал» бағанында голдардың жалпы саны, ал «М» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген). Бірінші мысалда ставка ұтылған, ал екіншіде ұтқан, өйткені матчтағы голдардың жалпы саны 1 (1+0) тотал 2.5-тен кем. Ұтыс 100х1.7=170 теңгені құрайды. Егер бүтін тотал көрсетілген және матчта тура сонша гол соғылған жағдайда ставка қайтарылады;
  • Бірінші немесе екінші команданың келесі айналымға өтуі (Желідегі «Өтеді» бағаны). Мысалдарда Бразилияға (ұтыс 100х1.3=130 рубльді құрады) және Германияға (ұтыс 100х1.4=140 теңгені құрады) арналған ставкалар ұтқан. Данияға және Мексикаға арналған ставкалар ұтылған.
  • Ойыншылардың және командалардың жеке көрсеткіштеріне арналған ставкалар, 6-дан көп емес оқиғадан тұратын, экспрестерде қабылданады.

Одан басқа, матчтың нөмірімен батырмаға басу кезінде таңдалған ойынға қосымша ставкалардың беті беріледі:

  • «Құрғақ жеңіс» ставкасы матчтың жеңімпазы болатын командаға бірде-бір гол соғылмайды деп жорамалдайды.
  • «Ерікті жеңіс» ставкасы голды (допты, және т.б.) бірінші болып өткізген команда ойынның барысында бастаманы алып қойып және матчты ұтатынын жорамалдайды. Егер команда бірінші болып гол соқса, содан кейін голдар өткізіп алса, бірақ қорытындысында бәрібір матчты ұтса, онда мұндай жеңіс еріктіге жатқызылмайтын болады.
  • Таймдардың салыстырмалы нәтижелілігіне арналған ставкалар («Қай таймда голдың көбірек саны соғылатын болады» кестесі). Ставкалардың үш нұсқасы мүмкін болады: а) 1-ші таймда, 2-шіге қарағанда, көбірек голдар соғылады (бірінші мысалдағы ставка ұтады), б) 2-ші таймда, 1-ші таймға қарағанда, көбірек голдар соғылады (екінші мысалдағы ставка ұтады), в) таймдардың бірдей нәтижелілігі (мысалы, егер матч 0:0 есебімен аяқталса);
  • Матчтың есебін табу. Тек матчтың есебі дәл көрсетілген ставкалар ғана ұтады;
  • Бірінші таймның және тұтас алғанда бүкіл матчтың қорытындысын табу. Қорытындылардың келесі тоғыз нұсқалары мүмкін болады:
    • Ж1Ж1 – бірінші команданың 1-ші таймдағы және тұтас алғанда матчтағы жеңісі;
    • Ж1Т – бірінші команданың 1-ші таймдағы жеңісі және матчтағы тең ойын;
    • Ж1Ж2 – бірінші команданың 1-ші таймдағы, ал екінші команданың матчтағы жеңісі («Дания-Бразилия» мысалында сияқты);
    • ТЖ1 – бірінші таймдағы тең ойын және бірінші команданың матчтағы жеңісі («Германия-Мексика» мысалында сияқты);
    • ТТ – 1-м таймдағы және тұтас алғанда матчтағы тең ойын;
    • ТЖ2 – бірінші таймдағы тең ойын және екінші команданың матчтағы жеңісі;
    • Ж2Ж1 – екінші команданың 1-ші таймдағы, ал бірінші команданың матчтағы жеңісі;
    • Ж2Т – екінші команданың 1-ші таймдағы жеңісі және матчтағы тең ойын;
    • Ж2Ж2 – екінші команданың 1-ші таймдағы және тұтас алғанда матчтағы жеңісі;
  • Матчта кем дегенде бір пенальти тағайындалады ма екенін болжау керек;
  • Матчта кем дегенде бір ойыншы ойыннан шығарылады ма екенін болжау керек;
  • Матчтағы командалардың әрқайсының ескертулер санын болжау керек (ойыннан шығарулар есепке алынбайды, егер ойыншы екі сары қағаз үшін ойыннан шығарылатын жағдайда, онда біреуі есепке алынады);
  • Бірінші команда матчта кем дегенде бір гол соғады ма екенін болжау керек;
  • Екінші команда матчта кем дегенде бір гол соғады ма екенін болжау керек;
  • Матчта екі команда да гол соғады ма әлде кем дегенде біреуі соқпайда ма екенін болжау керек;
  • Командалардың қайсысы матчта бірінші голды соғатынын болжау керек. Автоголды, доп қай команданың есебіне жазылған болса, соның голы ретінде есепке алады;
  • Командалардың қайсысы матчта соңғы голды соғатынын болжау керек. Автоголды, доп қай команданың есебіне жазылған болса, соның голы ретінде есепке алады;
  • Командалардың кез келгенімен матчта бірінші гол уақыттың қандай интервалында соғылатынын болжау керек. Минуттардың интервалдары қоса алғанда көрсетіледі;
  • Командалардың кез келгенімен матчта екінші гол уақыттың қандай интервалында соғылатынын болжау керек. Минуттардың интервалдары қоса алғанда көрсетіледі;
  • Турда қай матч ең нәтижелі болатынын болжау керек;
  • Командалардың кез келгенінің ойыншысына матчта бірінші ескерту уақыттың қандай интервалында шығарылатынын болжау керек;
  • Командалардың қайсысы матчта көбірек ескертулер алатынын (ескертулер есепке алынбайды, егер ойыншы екі сары қағаз үшін ойыннан шығарылатын жағдайда, онда біреуі есепке алынады), немесе қос командалар ескертулердің бірдей санын алатынын болжау керек. Алмастырылған ойыншыларға, қосалқы ойыншыларға, жаттықтырушыларға және матчқа қатыспайтын басқа тұлғаларға көрсетілген карточкалар ескерілмейді.
  • Қомандалардың қай ойыншысына матчта бірінші ескерту шығарылатынын болжау керек (ойыннан шығарулар есепке алынбайды, егер матчтың хаттамасы бойынша көрсетілген оқиғалар қос командаларда болған жағдайда ставка қайтарылады);
  • Уақыттың қандай аралығында командалардың кез келгенімен матчта бірінші алмастыру жасалатынын болжау керек. Минуттардың аралықтары қоса алғанда көрсетіледі;
  • Командалардың қайсысы матчта бірінші алмастыруды өткізетінін болжау керек (егер матчтың хаттамасы бойынша көрсетілген оқиғалар қос командаларда бірінші минутта болған жағдайда ставка қайтарылады);
  • Командалардың қайсысы матчта бірінші бұрыштаманы көтеретінін болжау керек;
  • Командалардың қайсысы матчты алаң ортасынан бастайтынын болжау керек;
  • Матчта қос командалармен қанша бұрыштама соққылары көтерілетінін болжау керек.

2.1.9. Футболдан Әлем және Еуропа чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында ставкаларды есептеудің ерекшеліктері

Футбол матчтарына арналған ставкалар негізгі уақытқа (90 ойын минуты + өтем уақыты) қабылданады. Өтем уақыты – ойындағы тоқтатулардан 90 минут ойын уақытына төрешімен қосылған уақыт («15 минуттан 2 тайм» қосымша уақытпен шатастырмау керек).

Матчтың футболдық статистикасына арналған ставкалар тек қана негізгі уақытқа қабылданады, желідегі келесі ұсыныстардан басқа:

  1. Өтеді (команданың жарыстың келесі кезеңіне шығуы);
  2. Команданың қосымша уақыттағы жеңісі;
  3. Команданың пенальтиден жеңісі.

Мысал: 2008 жылдағы футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалы. Ресей құрамасы Голландия командасымен кездесті. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды – 1:1, бірақ қосымша уақытта ресейліктер екі жауапсыз доп соқты да, жартылай финалға шықты. Төменде Ресей құрамасына негізгі ставкалармен кесте және оларды есептеу қорытындысы келтірілген.

Ресей – Голландия матчына арналған ставка Есептеудің қорытындысы
Ж1 ұтылыс
Х ұтыс
Ж2 ұтылыс
Ресей өтеді ұтыс
Ресейдің пенальтиден жеңісі ұтылыс
Ресейдің қосымша уақытта жеңісі ұтыс
Матч негізгі уақытта аяқталады ұтылыс
Матч қосымша уақытта аяқталады ұтыс
Матч пенальтимен аяқталады ұтылыс


ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ

Үздік шабуылшы деп негізгі мен қосымша уақытта барлығынан көп гол соққан ойыншы саналады. Матчтан кейінгі пенальтилер және автоголдар ескерілмейді. Соғылған голдардың теңдігі кезінде турнирдің немесе құраманың үздік шабуылшысын анықтау белгілері: а) кешірек кезеңде соққан голдарының көбірек саны; б) голға доп шығарулардың көбірек саны; в) қақпа бағанасына соққылардың көбірек саны; г) алаңда өткізілген минуттардың азырақ саны. «Кім көбірек соғады» салыстыруға ойын үшін тек қана негізгі мен қосымша уақытта соғылған голдар ескеріледі. Тең көрсеткіштер тең ойын ретінде саналады.

СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

Барлық ставкалар негізгі уақытқа қабылданады, жеке ескертілген жағдайлардан басқа. Әр матч бойынша статистикалық көрсеткіштер тек қана чемпионаттың ресми сайтынан (PDF пішіміне сілтеме), матч аяқталғаннан кейін келесі күні Мәскеу уақыты бойынша таңғы 10:00 сағатта алынады. Егер плей-офф сатысындағы негізгі уақыт тең аяқталса, онда статистикалық көрсеткіштер ресми сайтта онлайн-трансляцияның негізінде, негізгі уақыт аяқталғаннан кейін тікелей алынады. Көрсеткіштердің сайттағы кейінгі өзгерістері назарға алынбайды. Сондай-ақ газеттердің, басқа бұқаралық ақпарат құралдарының деректері және басқа букмекерлік кеңселердің деректері назарға алынбайды. Ресми сайтта қандай болса да көрсеткіштің жоқ болған жағдайында, есептеу нақты нәтиже бойынша жасалынады. Бүкіл турнирге, топтық кезеңге, нақты құрамаға немесе ойыншыға жалпы көрсеткіштер матч аяқталғаннан кейін келесі күні таңғы 10:00 сағатта сайттан алынған, әр матчтың хаттамаларын қосындылау арқылы анықталады. Егер бір немесе бірнеше матчтар үзілсе және 4.3-тармақтың ережелеріне сәйкес ӨТКІЗІЛМЕГЕН деп танылса, онда мұндай матчтардың статистикалық көрсеткіштері ойынды тоқтату сәтіне қарай нәтижелер бойынша қосынды статистикалық көрсеткіштерде (бүкіл чемпионатқа, топтық турнирге, жеке команда бойынша) ЕСКЕРІЛЕДІ. Топтық кезеңде құраманы дисквалификациялау (алу) жағдайында топтағы орнын, ұпайларын, голдарын есептеу үшін оған барлық ойналмаған матчтарда 0-3 есебімен жеңіліс есептеледі.

ӨТЕМ УАҚЫТЫ

Ресми деп матчтың нақтылы артық ойналған емес, қорытынды хаттамасында көрсетілген өтем уақыты (PDF пішіміне сілтеме) саналады. Хаттамада таймдардың біреуінің өтем уақыты туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда, осы таймның өтем уақытына арналған және бүкіл матчтың өтем уақытына арналған барлық ставкалар қайтарылуға тиіс.

«Бірінші болады» және «Соңғы болады» ОЙЫНЫ.

Ойынның (сондай-ақ ұқсас ойындардың) осы түрін есептеу мақсаты үшін болған деп келесі оқиғалар саналады:

  • бұрыштама: бұрыштама белгіден нақты орындалған соққы жағдайында;
  • қақпадан соғу: қақпадан нақты орындалған соғу жағдайында;
  • аут: нақты орындалған ауттан лақтыру жағдайында;
  • офсайд: офсайдты белгілегеннен кейін нақты орындалған еркін соққыны жасау жағдайында;
  • фол: ережелерді бұзуды белгілегеннен кейін нақты орындалған айып немесе еркін соққыны жасау жағдайында.

«Ойыншымен алдымен не болады» ОЙЫНЫ

Матчтың ішінде ойыншымен көрсетілген жинақтан қандай нақты оқиға болатынын табу ұсынылады. Егер ойыншы бастапқы құрамда шықпаса, онда оған арналған ставкалар қайтарылады. «Бүкіл ойынды ойнап шығады» ставкасы тек қана егер ойыншы бүкіл ойынды ойнап шыққан және көрсетілген оқиғалардың (гол соққан жоқ, с/қағаз алған жоқ және т.б.) біреуі де БОЛМАҒАН жағдайда ұтады.

«Ойынның белгілі аралығында (бес минуттық) алдымен не болады» ОЙЫНЫ

Белгілі ойын аралығында бірінші болатын оқиғаға арналған ставкалар. Осы аралықта алдымен не болатынын табу ұсынылады: аут, фол, қақпадан соққы, бұрыштама, офсайд, сары қағаз, гол немесе тізім ішінен ешқайсысы. Сонымен қатар белгілі ойын аралығында алдымен не болатынын анықтау ұсынылатын әртүрлі статисткалық көрсеткіштерге салыстырулар. Мысалы, аут немесе фол. Есептеу желідегі нақты матчқа түсініктемеде көрсетілетін ТВ-арнасы бойынша теледидарлық трансляция таймерінің негізінде жасалатын болады. Желідегі таймер көрсетілген арнаның таймерімен сихронды түрде іске қосылады және теледидарлық трансляцияда таймердің уақытша жоқтығы сәттерінде есептеу үшін негізгі таймер болып саналады. Осы тармақта көрсетілген ставкаларды есептеу үшін сайттардың деректері, соның ішінде ресмилер, назарға алынбайды.

«Кім жоғары?» ОЙЫНЫ"

Қандай команда чемпионаттың бөлігінің немесе бүкіл біріншіліктің нәтижелері бойынша ұсынылған қарсыласымен салыстырғанда жоғары болатынын болжау ұсынылады.

Ставканы есептеу жасалатын салыстыру өлшемдері (маңыздылық дәрежесі бойынша жазылған):

  1. Чемпионаттың команда шығып кеткен сатысы;
  2. Топтағы алған орны;
  3. Барлық соғылған доптары.

Барлық үш тармақтардағы көрсеткіштердің теңдігі жағдайында – шығын.

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ

Медальдар саны бойынша ақтық нәтиже жабылу салтанаты басталу сәтіне қарай Олимпиада ойындарының ресми сайтының деректері негізінде анықталады. Алтын медальдардың теңдігі жағдайында жоғары болып қайсында күмістері көп, ал күмістерінің де теңдігі кезінде – қола медальдары көп ел саналады.