3.7. Саяси оқиғаларға арналған ставкалар
3.7.1. «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі саяси оқиғаларға арналған ставкаларды қабылдайды:
- «Президентті сайлау» Нәтижелер осы орталық сайлау комиссияларының ресми дереккөздерінен президентті сайлаудың қорытындылары бойынша ескеріледі. Сайлаудан алынатын немесе қандай болса да басқа себептерден сайлауға жіберілмейтін үміткерлер бойынша нәтижелерге арналған ставкалар қайтарылуға тиіс. Егер бастапқы уақытқа сайлау өткізілмеген болып танылатын жағдайда ставкалар қайтарылуға тиіс. Сайлаудың нәтижелеріне сайлаушылардың, үміткерлердің және бақылаушылардың тарапынан даулы мәселелер бойынша барлық наразылықтарды букмекерлік кеңсе есепке қабылдамайды.
- «Басшы қызметтен кетеді ме?» «Қызметтен кету» деп сол не басқа басшының кез келген жолмен: Президенттің Жарлығымен, Парламенттің шешімімен, өзінің өтінімімен, денсаулық жағдайынан, үшінші тұлғалардың талабы бойынша және басқа себептерден қызметтен кетуі туралы ресми жариялаған ақпарат саналады.
3.7.2. Ставкалар желіде көрсетілген белгілі мерзімге дейін қабылданады.
3.7.3. Ставкаларды есептеу көрсетілген күнге дейін өткізіліп қойған оқиғаларды есептеуден жасалынады. Егер оқиға белгілі мерзімге дейін өткізілмесе, онда «ЖОҚ» ставкасы ойнайды.